Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада вакцина алған 200 мыңыншы тұрғынға теледидар тарту етілді

2021 жылдың 20 шілде 2021 04:31

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус індетіне қарсы вакцина алған 200 мыңыншы тұрғынға түрлі-түсті теледидар сыйға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде тұратын 73 жастағы Ұрқия Тайпақ өңірде коронавирус індетіне қарсы вакцина алған 200 мыңыншы тұрғын ретінде тіркелді.

Білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ардагер ұстаз қатерлі індетке қарсы екпені Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты «Болат жолы» емханасында алды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Вакцина қабылдап, еркін жүргінге не жетсін. Сондықтан еліміздің барша тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын», – дейді Ұрқия Тайпақ.

Ардагер ұстазға Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева халық үшін маңызды шараға бей-жай қарамағаны үшін түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты. Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев ардагер ұстазға алғысын айтып, әрбір тұрғын жұқпалы індетке қарсы вакцина алу қажеттігін жеткізді.

Еске салсақ. бұдан бұрын Қызылордада 201 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік .


Жоғары қарай