Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада жарты миллионға жуық тұрғын вакцина алды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 22:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 420 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 420 094 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонетін салдырды.

Бұл - екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 92,8 пайызы. Ал екінші компонентін 405 854 адам салдырды.

«Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті құрылған. Одан бөлек шалғайдағы елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде жылжымалы егу бригадалры іске қосылған. Бұл орындар коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізу үшін арнайы оқытылған медициналық персоналмен жасақталған. Бүгінгі күні 36 жылжымалы бригаданың жұмысы ұйымдастырылған» - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, екпе кабинеттері «салқын тізбек» қағидатын сақтау мақсатында қажетті мұздатқыш жабдықтармен, мұздату элементтерімен қамтамасыз етілген.

Облыс азаматтарын вакциналауға «QazVac», «Sinovac», «Pfizer» препараттары қолданылып жатыр.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 28 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды.


Жоғары қарай