Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жастар мәселесіне ерекше назар аударылуда

2021 жылдың 8 қазан 2021 21:37

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызыорда облысында NEET санатындағы жастарды анықтау және дерекқорын жасақтау, қоғамға бейімдеу мақсатында адрестік жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттерді өңірде жүзеге асыру бойынша басым бағыттарды айқындалды. Осы мақсатта облыс әкімінің төрағалығымен өткен облыстық актив отырысында Жолдауды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жоспар бекітілді. Қазіргі таңда сол бағытта тиісті шаралар қолға алынған.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту үшін арнайы облыстық медиа-жоспар әзірленген. Осы мақсатта сала басшылары мен аудан әкімдері арнайы брифингтер өткізді. Сондай-ақ, түсіндірме және насихаттық жұмыстарды жүргізуге спикерлер пулы жасақталды.

«Жолдаудағы басымдықтардың бірі - жастар мәселесі. Мемлекет басшысы NEET санатындағы жастар үшін техникалық және кәсіби білімнің тегін берілуі керектігін айтты. Бұл тапсырма бойынша облыстағы NEET санатындағы жастарды анықтау және дерекқорын жасақтау, қоғамға бейімдеу мақсатында адрестік жұмыстар қолға алынған. Ол Қызылорда қаласына қарасты 7 ауылдық округ және Жаңақорған ауданында жүргізілді. Нәтижесінде осы елді мекендердегі жастардың әлеуметтік мәртебесі анықталып, ақпараттық база жасалды. Жыл соңына дейін барлық ауданда бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады, - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

Жолдаудағы тағы бір бағыт - жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеу. Осы бағытта ішкі саясат басқармасы облыста «Сыр дарыны», «Жас ғалым-2022» облыстық байқауларын өткізуге назар аударды. Оған қоса дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар мен қаламгерлерлердің бастамаларын қолдау, патриоттық тәрбие беруге негізделген «Айбын» жобасы, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ерікті жастар тұрмысы төмен отбасына баспана сыйлады.


Жоғары қарай