Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жол апаты төрт адамның өмірін қиып кетті

2021 жылдың 30 мамыр 2021 16:28

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 29 мамырда сағат түнгі 23.00 шамасында болған. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болған.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай