Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жыл басынан бері көпқабатты үйден 5 бала құлап кеткен

2021 жылдың 13 мамыр 2021 03:48

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезесінен құлау жағдайы көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде 2018-2021 жылдар аралығында балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезесінен құлауына байланысты жазатайым оқиғаларға талдау жүргізген болатын.

«Биылғы жылғы бес айдың өзінде облыс бойынша терезеден құлауының 5 балалардың дерегі тіркелді. Аталған оқиалардың 1-і Шиелі ауданында болса, қалған 4-і Қызылорда қаласында кездесті. Олардың 1-і жансақтау бөлімінде жатса, 2-і палатаға ауыстырылды. Ал 2 баланың денсаулығы жақсаруына байланысты үйлеріне шығарылды. Айта кетерлігі, 2020 жылы - 6, 2019 жылы - 7 (1-і қаза болған), 2018 жылы - 4 бала (1-і қаза болған) осындай жағдайды басынан өткізді», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, өңірде көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі облыс орталығында орналасқан. Сондықтан жазатайым оқиғалардың басым бөлігі Қызылорда қаласының еншісіне тиеді.


Жоғары қарай