Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордадағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі іске қосылады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде 1 қыркүйектен бастап электронды билет жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді жолақыны электрондық жол жүру картасы арқылы төлеу 90 теңге болып бекітілді. Ал жолаушылар қолма-қол ақшамен 120 теңге төлейді.

«Бұл жоба алдымен автопарктің үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерін қамтиды. Одан кейін кезең-кезеңімен барлық орта және кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерде толық енгізіледі. Қазіргі таңда қала тұрғындары аталған көлік картасын автопарктің қалаішілік бағытындағы жүргізушілерден сатып алуына болады. Алдағы уақытта карантин режимінің талаптарын ескере отырып, көлік картасын қолайлы орындардан сатып алу мүмкіндігі қарастырылады», - деді қалалық тұрғын-үй комммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

Жолаушылар электронды жолақы төлемінің өзіне қолайлы 9 әдісін пайдалана алады. Оған қоса «SMS BUS жолаушы» мобильді қосымшасы арқылы өз қажеттілігіне қарай бағыттардың қозғалыс кестесін анықтайды. Сонымен қатар, автобустың аялдамаға келу уақытын нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Айта кету керек, қолма-қол ақшасыз төлемінің үлесін арттыру арқылы қызмет ашықтығын көрсетеді. Ол тұрғындардың қоғамдық көлік қызметіне жаңаша көзқарасын қалыптастыруына игі ықпалын тигізеді. Тағы бір артықшылығы, қалаішілік қоғамдық көліктердің электрондық жолақы төлеу құрылғысы істен шыққан жағдайда көлік картасы арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Көлік,
Жоғары қарай