Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қызылордалықтар жолақыны электронды ақшамен төлейтін болады

2018 жылдың 13 наурыз 2018 21:49

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалықтар автобуста жолақысын электронды ақшамен төлейтін болады. Жаңа жүйені облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Орталық Азиядағы IBA Group компаниясының директоры Михаил Бунас таныстырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

IBA Group - Орталық және Шығыс Еуропаның тасымалдау қызметіндегі жетекші компаниялардың бірі. Автоматтандырылған бағдарламаны ең әуелі Минскіде әзірлеп, қолданысқа енгізген. Бүгінде мұндағы автобус, троллейбус, трамвай, метро мен қала маңындағы электричкалар аталған жүйемен жұмыс істейді. Жолаушылар жолақыны Mifare Plus технологиясының базасындағы iCard әмбебап смарт-картасымен төлейді. Смарт-картада оның иесіне тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат көрсетіледі. Ақшаны банк арқылы да, терминал арқылы да толтыруға болады.

"Жүйеге түрлі сағатта және түрлі бағыт бойынша жолаушылар ағымына бақылау жасайтын аналитикалық бағдарлама орнатылған. Салонға кірген кезде кондуктор «қояндарға» қулығын іске асыруға мүмкіндік бермей, жолақыны кондуктор жақындағаннан кейін төлеуі үшін карточканы валидаторға жақындатып, оның жұмысын бұғаттайды. Тексеруді аяқтаған соң бақылаушы өз картасын қайтадан валидаторға жақындатып, бұғатын алып тастайды", - деді Михаил Бунас.

Қызылорда қаласының әкімдігі қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырмақ.

Жоғары қарай