Лас-Вегаста болған ірі жол апатынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты

ЛАС- ВЕГАС. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының солтүстігінде алты көліктің соқтығысуы салдарынан кемінде тоғыз адам мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ABC хабар тарату корпорациясына сілтеме хабарлайды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, жексенбі күні Dodge көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, бірнеше көлікпен соқтығысқан.
Тоғыз адам ажал құшты, оның бірі апатқа себепкер Dodge жүргізушісі.
15 адам зардап шеккен, біреуінің жағдайы ауыр.
Тергеу кезінде апат болған аумақтағы жолдар жабылды.