Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Латипша Асанов: Берекелі бірлік – бәрін жеңбек

2020 жылдың 8 сәуір 2020 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1991 жылдан бері елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын жарастыру бағытында қолға алынған игі бастамалардың дұрыстығын «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген мақаласында Елбасы тағы бір дәлелдеді, дейді Шымкент қаласы ҚХА түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, кәсіпкер, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Латипша Асанов.

ҚР Тұңғыш Президенті бүкіл жер-жаһан алаңдап, ұлт саулығы сынға түскен кезде баршамызды сабырға шақырып, өзінің тілеулес екендігін айтты. Аты жаман вирусқа қарсы бүкіл адамзаттың ақыл-ойы бір мақсатқа жұмылып, тынбай ем іздеп жатқанына тоқталды.

Қазақстан індетті тізгіндеу мақсатында алғашқы елдердің қатарында қауіпсіздікті қолға алып, сақтандыру шараларын уақтылы жүргізді. Жүйелі жұмыстың арқасында коронавирустың кеңінен таралуына жол берілмеді. Ахуал күн сайын бақыланып, жағдайды оңалту бағытында көп жұмыс атқарылды. Сондықтан жер-жерлерде жүргізіліп жатқан кешенді іс-шараларға бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн екедігіне баса тоқталды, дейді Латипша Асанов.

«Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемді жайлаған пандемияның дағдарыс туғызып, қозғалысты шектегенін айтты. Қазақстанның мұндай жағдайға дайын екендігін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 1000-нан астам жаңа кәсіпорын ашылғанын және соның арқасында бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын жаңа технологиялардың Қазақстанға келгенін тілге тиек етті.

Бүгінде жер-жаһанда қалыптасқан ахуалдың оңай еместігін еске салған Елбасы: «... осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ», деді.

Ассамблея мүшесі ретінде бүгінгі мақаладан түйгенім мынадай – біз бір болсақ, жұдырықтай жұмыла білсек, барлық қиындықты еңсереміз. Ол үшін ел билігі белгілеген талап-межелерді сақтап, тәртіпке бас игеніміз абзал. Біз бос байбаламмен емес шамамыз жетсе, осындай қиын шақта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тиіспіз және өзіміздің, отбасымыз бен қоғам мүшелерінің өміріне жіті жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.

Ең бастысы – төтенше жағдай режімінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың сын-ескертуіне құлақ асып, қиын шақта тонның ішкі бауындай болған берекелі бірлігімізді байқатып, ірілігімізді көрсетуге міндеттіміз», - деп атап өткен Шымкент қаласы ҚХА түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Фото: yujanka.kz
Жоғары қарай