Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ләззат Ақтаева: Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы шараларды қолға алуы қажет

2020 жылдың 19 маусым 2020 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Барлық өңір әкімдері эпидемияға қарсы іс-шараларды қолға алуы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері табиғи ошақтар аумағындағы елді мекендерде аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды, эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қолға алу тиіс.

«Инфекциялық аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуді; Ұлттық егулер күнтізбесіне сәйкес егілуге жататын халықты вакцинациялаумен уақтылы қамтуды; инфекциялық аурулардың табиғи ошақтары аумағында тұратын халықтың арасында олардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсыруды сұраймын», - деп өтінді ол Үкімет басшысы Асқар Маминге қарата айтқан сөзінде.


Жоғары қарай