Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ләззат Қожахметова: Ауылдағылар үшін 6 пайыздық несиенің әуресі көп

2020 жылдың 22 қазан 2020 14:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдағы тұрғындарға 6 пайыздық несиені беру шарттарын жеңілдету керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық несие бар. Өкінішке қарай, «ҚазАгро» холдингіне қарасты акционерлік қоғамдар ауылдағы мүліктерді өте төмен бағалайды. Мысалы, бір үйдің шаршы метрін алты мың теңгеге бағалайды, 6 миллион теңге несие алу үшін бірнеше баспана болу керек. Ауылдағы тұрғындарға 6 пайыздық несиені беру шарттарын жеңілдетіп, бағалайтын мүлік құнын жоғарылатуды сұраймыз», - деді Л. Қожахметова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеңес мүшесі коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейгенін айтқан болатын.

Оның сөзіне қарағанда, көпбалалы отбасылар тарапынан бизнес курстарға деген сұраныс көп болып отыр.



Жоғары қарай