Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Лаззат Рамазанова Қазақстанның Ауғанстан әйелдеріне транзиттік дәлізді ұсынуына пікір білдірді

2021 жылдың 26 қазан 2021 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Лаззат Рамазанова Ауғанстан әйелдеріне Қазақстан арқылы транзиттік дәліздің ұйымдастырылуына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі ауған әйел судьялары мен парламентшілерін және олардың отбасы мүшелерін Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен ұшуы жүзеге асырылғанын хабарлады. Транзит Мемлекет басшысының шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей көмегімен жүзеге асырылды.

Ауғандық әйелдердің қауіпсіздігі Орталық Азия аймағындағы басты қауіпсіздік мәселелерінің бірі болып табылады. Санкт-Петербургте өткен 3-ші Еуразиялық әйелдер форумында еліміздің делегациясы барлық мемлекеттердің әйелдер көшбасшыларын Ауғанстандағы әйелдердің жағдайына назар аударуға шақырды.

Мен өз сөзімде, халықаралық қауымдастық осындай аумалы кезеңде оларды қиын жағдайда жалғыз қалдырмау керектігін атап өттім!», - деп жазды Л.Рамазанова Facebook-те.

Оның айтуынша, ауғандық әйелдерге шиеленіс пен қақтығыс ошақтарынан кетуге берілген мүмкіндік – Қазақстан мәлімдеген бастамалардың нақты іске асуы.

«ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелерін алға жылжытуды жалғастыруға ниетті», - деді Лаззат Рамазанова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ауғанстан әйелдерінің үшінші елдерге ұшып шығуы үшін Алматы әуежайы арқылы транзиттік дәліз ұсынды.


Жоғары қарай