Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ләззат Рамазанова Куба елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті

2021 жылдың 17 мамыр 2021 20:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу өткізу жайында кубалық тарап Куба әйелдерінің федерациясымен (FMC) ынтымақтастықты нығайту мақсатында бастама көтерген. Әлемдегі барлық әйелдер ұйымдарымен байланыс орнату және оны нығайту FMC ұйымының күн тәртібіндегі басты мақсаттың бірі. Өз кезегінде бұл кездесу халықаралық ұйымдар аясындағы қазақстандық-кубалық өзара қарым-қатынасты нығайтуға, екі тараптың БҰҰ аясындағы міндеттемелерін орындауға, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі тұжырымдама аясында қабылданған міндеттерді орындауға ықпал етпек.

Кездесуде қазақстандық-кубалық қарым-қатынасты дамытудың жоғары деңгейде екені атап өтіліп, қос тараптың күн тәртібіндегі және жалпыға ортақ ауқымды сұрақтар талқыланды. Кездесуде тараптар халықаралық аренадағы әлеуметтік маңызды мәселелерде Нұр-Сұлтан мен Гавана арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге мүдделі екенін танытты. Атап айтқанда, әйелдер құқығы және олардың мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы өзара ынтымақтастықтың өзектілігі атап өтілді.


Жоғары қарай