Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Лисаковта зейнеткер атыс жасап, екі адам мерт болды

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 15:48

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Лисаков көршілеріне оқ атқан зейнеткер қайтыс болды. Сонымен қатар оқиға салдарынан жарақат алған әйел де көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың №3 шағын ауданындағы №18 көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу оқ атқан.

«Бүгін сағат 11:00 шамасында Лисаков полиция бөлімінің 102 пультіне 3-шағын аудан тұрғын үйінің ауласында белгісіз біреу қарумен жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Күдікті келген полиция қызметкерлеріне қарай оқ атып, салдарынан жедел-тергеу тобының тергеушісі жарақат алды. Артынша күдікті үйдің кіреберісінде жасырынған. Қудалау барысында ол тәртіп сақшыларына оқ атуды жалғастырды. Тұрғындардың қауіпсіздігі және күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды және күдікті жарақат алды. Ізінше жарақат алған адам өз пәтеріне қашып, сол жерде ұсталды. Үйдің кіреберісінде жарақаты бар екі әйел анықталды», - деп хабарлайды аталған ведомстводан.

Хабарламада айтылғандай, ішкі істер қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.

«Алған жарақатынан ұсталған күдікті ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар, жарақат алған әйелдердің бірі қайтыс болды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, өз кезегінде Прокуратура органдары қаруды қолданудың заңдылығын зерттеп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижесінде белгілі болғандай көршілер арасындағы қанды оқиға үйге жөндеу жұмысын жасауға қатысты мәселеден туындаған. Мәселені шешу мақсатында 66 жастағы зейнеткер қолына қару алған»,- делінген хабарламада.


Жоғары қарай