Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Литва астанасында әл-Фараби орталығы ашылды

2020 жылдың 4 наурыз 2020 14:21

ВИЛЬНЮС. ҚазАқпарат –Литваның Ұлттық қауымдар үйінде философ әрі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев, Литва Үкіметі жанындағы аз ұлттар мәселелері жөніндегі департаментінің директоры В.Монтивидайте, Ұлттық қауымдар үйінің директоры А.Гедаминскиене, «Нұрсәуле» Литва қазақтары қоғамының төрайымы С.Қанапина, Ұлттық қауымдастықтар кеңесінің өкілдері және литвалық түркітанушылар қатысты.




Ашылу рәсімі барысында М.Баймұхан қонақтарға ғылымның көптеген салаларына түбегейлі үлес қосқан «Әлемнің екінші ұстазының» рөлі жайында айтып өтті. Сондай-ақ, ол Шығыстың ұлы ойшылының биылғы мерейтойы ЮНЕСКО-ның ұмытылмас күндері мен оқиғаларының күнтізбесіне қосылғаны және халықаралық деңгейде кеңінен мерекеленетініне ерекше көңіл аударды.




Қазақстандық дипломат әл-Фараби мұрасының, әл-Бируни сияқты, еуропалық ғылымның қалыптасуына зор ықпалын, қайта өркендеу дәуірінің басындағы Еуропаның ұлы адамдары үшін шексіз шабыт көзі болғанын да атап өтті.

Литваның Ұлттық қауымдар үйіндегі «Нұрсәуле» қазақтар қоғамы алаңында ашылған әл-Фараби атындағы орталыққа келушілер ұлы ғалымның еңбектерімен танысып қана қоймай, сонымен бірге қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін де жақынырақ біле алады. Орталықтың қызметі, ең алдымен, Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени және ғылыми диалогты дамытуға бағытталатын болады.


Басты сөздер: Рухани жаңғыру, әл-Фараби,
Жоғары қарай