Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Лозанна-2020: қазақстандық қақпашы Алексей Байдектің командасы екінші ойында жеңіске жетті

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін 3*3 хоккейден аралас командалық жарыс аясында қазақстандық Алексей Байдектің командасы екінші рет жеңіске жетті.

Алексей Байдек намысын қорғайтын «Сұрлар» командасы екінші ойында «Сарылар» командасын 11:8 есебімен ұтты.

Айта кетелік, кеше «Сұрлар» командасы «Көктерден» 9:8 есебімен басым түскен болатын. Жасөспірімдар Олимпиадасында хоккейден аралас командалық сын алғаш рет өткізіліп отыр.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай