Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Лукашенко егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы декретке қол қойды

2021 жылдың 9 мамыр 2021 13:56

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 2021 жылдың 9 мамырынан №2 «Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы» декретке қол қойды. Бұл туралы БЕЛТА Беларусь Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, басқа да зорлық әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайда барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Оны қамтамасыз ету шаралар тізімін Қауіпсіздік кеңесі анықтайды.

Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі сұрақ сайлау туралы болмақ. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды.

Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған.

Декрет оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.


Басты сөздер: Беларусь, Әлем, ТМД,
Жоғары қарай