Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Люксембургте Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтті

2020 жылдың 21 қазан 2020 10:10

ЛЮКСЕМБУРГ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні кешке Люксембург филармониясының камералық музыка залында «Қазақ даласы» атты музыкалық концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерт қазақтың ұлы ақыны, композитор және философ Абайдың 175 жылдығына арналды. Мерекелік кешті Бельгия Корольдігіндегі ҚР Елшілігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстанның құрметті консулдығы ұйымдастырды.

Концертте Абай әндерін, сондай-ақ Еуропалық музыканың кейбір туындыларын қазақстандық әртістер пианист Әйгерім Матаева мен опера әншісі Құдайберген Әбілдин орындады.

Концерт басталар алдында ҚР-ның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан еуропалық аудиторияға қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы туралы айтып берді. Ол өз сөзінде Абайдың отандық мәдениет пен ұлттық құндылықты дамытуға қосқан елеулі үлесі мен шығармашылық мұрасын атап өтті. Сонымен қатар, А.Құспан ұлы ақынның қара сөздерінің бірін француз тілінде оқыды.

Сондай-ақ, Люксембург филармониясының залында Қазақстанға арналған фотокөрме ұйымдастырылды.


Басты сөздер: Мәдениет, #Аbai175,
Жоғары қарай