Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәдениет министрлігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын коронавируспен күреске аударды

2020 жылдың 20 наурыз 2020 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын коронавируспен күреске көмек ретінде аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Қазір коронавирус індеті дүниежүзін теңселтіп тұр. Талай сындарлы сәттен, қиналған шақтан елдегі ауызбіршілік пен татулықтың арқасында аман-есен шықтық. Бұл сынақтан да мұқалмай, шыңдалып шығармыз!» - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство баспасөз қызметі бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына үндеу жолдап, осындай ауыр кезеңде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынғанын айтқанына назар аудартады. Барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырғанын еске салады.

«Мәдениет және спорт министрлігі елде қолға алынып жатқан түрлі сақтық, алдын алу шараларына үн қосып, біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударды. Жұмыла көтеріп, талай жүкті жеңілдеткенбіз. Бұл жолы да сондай ауызбіршіліктен айнымайық», - дейді министрліктен.


Жоғары қарай