Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Магистратураға түсуге өтініш қабылдау қашан басталады

2021 жылдың 11 сәуір 2021 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ЖОО-ларға магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініштер 1 маусымда қабылдана бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинетіне жіберіледі», - деді ведомстводан.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді.


Жоғары қарай