Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мағжан Ілиясов Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болды

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды», - делінген Ақорда ақпаратында.

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын аяқтаған.

Дипломатиялық мансабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен Атташесі лауазымдарынан бастады. 1998-1999 жылдары БҰҰ Басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты болып жұмыс істеді. Одан кейін 2003-2005 жылдары - ҚР Президенті Кеңсесінің Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы. 2005-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан Орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті. 2013-2016 жылдары ҚР Президентінің Кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болды.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі және Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.


Жоғары қарай