Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80
Төлеген Қуанышев: Саясаттағы ақын - Фариза апайымның асыл бейнесі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алған болатын. Тұңғыш Президент бұл туралы өз сөзінде: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бүгінгі әңгіме де сол Мәңгілік ел аманатын абыроймен атқарған аңыз адам, абыз адам Фариза Оңғарсынова туралы. ҚР Парламенті Мәжілісі I шақырылымының депутаты, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Төлеген Қуанышевпен әйгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова туралы әңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.
Қыдырбек Рыспек:  Сырттан спортшы шақыру – өзіңде барды бағаламаумен тең НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ» бөлімінде: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды»,- деп жазады. Кейінгі жарты ғасырға дейін Ұлы даладан тараған атқа мініп жарысу жүздеген жылдар бойы адамзат баласы үшін ең үлкен спорт болды. Оның түрлі тармақтары да көп. Уақыт өтіп, заманалар өзгерген тұста адамзат баласы үшін спорттың маңызы артты. Осы орайда қазақ спортының жылнамашысы, белгілі жазушы – журналист Қыдырбек Рысбекпен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
ары қарай
Жоғары қарай