Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Махкиа Садеи Монфаред – ирандық алғашқы теңізші әйел

2021 жылдың 29 маусым 2021 17:33

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Махкиа Садеи Монфаред Каспий теңізіндегі Ферейдункенар порттық қаласында 11 мамырдан жұмысын бастаған бірінші ирандық теңізші әйел болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Сауда кемесінде қызмет ететін Ирандағы бірінші және жалғыз әйел 1999 жылғы Махкиа Садеи Монфаред өзінің кәсіби мансабын 2021 жылдың 11 мамырында Иранның солтүстігіндегі Ферейдункенар портында бастады.

«Гендер мақсатқа жету жолында кедергі болмауы керек, осы салаға келерде келешекте жұмыс орындарының гендерлік бағытталған болмауы үшін қалыптасқан табуды бұзуға тырыстым», - деді ол.

Садеги Монфаред қиындықтарға қарамастан, прогреске жетіп, бір күні кеме капитаны болғысы келетіні туралы айтты.

Иранның Порттар және кеме қатынастары ұйымының деректері бойынша, қазіргі кезде 347 теңізші әйел балықшы теңізшілер, жолаушылар кемелері секциясында, сонымен қатар кейбір әйелдер офицерлер санатында жұмыс істейді. Дегенмен сауда кемесінде офицерлер разрядында әйел адамның қызмет етуі ел тарихында бірінші рет болып отыр.


Басты сөздер: Қоғам, Әлем,
Жоғары қарай