Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Мақтаарал ауданының әкімі «Мақтаарал» футбол командасының ойыншыларымен кездесті

2019 жылдың 31 қазан 2019 21:51

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «Мақтаарал» футбол клубының ұжымымен кездесті. Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында өткен кездесуде аудан басшысы ойыншыларға сәттілік тілеп, жеңіске жетулері үшін қамшылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мақтаарал ауданы мақтасымен ғана емес, дамыған футбол индустриясымен де танымал болуы қажет. Республикамыздағы ауданнан шыққан жалғыз команда ретінде ел біріншілігінде бәсекелі ойын көрсетіп жүрген »Мақтаарал« футбол клубы мен бірнеше рет »Қазақстан чемпионы« атанған клубтың жасөспірімдер құрамасы осы салада ауданның әлеуеті жоғары екенін көрсетіп тұр. Біз футболымызды әрбір мақтааралдық мақтанатындай деңгейге жеткізуге тиіспіз» - деді Бақыт Асанов.




Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол командасы биылғы маусым алдында жоспар бойынша 4 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 24 ойыншымен команда жасақталды. Қазақстан футбол федерациясының бекіткен кестесіне сәйкес, өз аланыңда жалпы саны 13 матч өткізген. Оның ішінде 8 ойынды жеңіспен, 5 ойынды жеңіліспен аяқтаған. Сондай-ақ, сырт алаңда 12 ойын өткізіп, 5 ойында басымдық танытқан. Ал, 2 ойында тең түсіп, тағы 5 ойында жеңіліс тапқан. Қазіргі таңда турнирлік кесте бойынша «Мақтаарал» бесінші орында тұр. Әрине, бұл ауданнан шыққан команда үшін үлкен жетістік және бұл тәжірибелі жаттықтырушылар мен жоғары сапалы клуб менеджерлерінің арқасы екені белгілі. Мақтааралдық футболшылар биыл жалпы саны 34 гол салған болса, сұрмергендердің көшін Бекнұр Рысқұл, Фаррух Шотурсунов, Абылайхан Махамбетов, Константин Задорожныйлар бастап тұр.




Еске салайық, клубтың соңғы ойыны 3 қараша күні сырт алаңда Талдықорған қаласының «Жетісу Б» командасымен өтеді. Егер, қарсыластарын жеңсе және тең нәтиже көрсетсе республикада бесінші орынды сақтап қалмақ. Жеңіліс тапса, футбол маусымын алтыншы орынмен аяқтайды деп күтілуде.







Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт, Түркістан облысы,
Жоғары қарай