Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақтааралда қариялар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 18:52

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 1 қазан - Қарттар күні мерекесі қарсаңында қариялар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді. Мырзакент кентінде «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақталы ауданда бұл күні мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтіліп, аудан әкімінің қарияларға деген ақ дастарханы жайылды. Мерекелік кеште ауданның ардагерлерін құттықтаған аудан басшысы Бақыт Асанов ел ағаларына ізгі тілегін жеткізді. «Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, бүгінгі ұрпақтарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!» - деді аудан басшысы. Мұнан соң қазыналы қарттарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен сый-сияпаттары табысталып, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан концерттік бағдарлама қойылды. Айта кетейік, бүгінгі күні ауданда 7863 зейнеткер бар. Оның үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 23-і тыл ардагерлері. Жалғызілікті қариялар қатарында 195 адам есепке алынған. Қариялардың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлеріне 318 жолдама, Жетісай ауданындағы «Төлеген», «Әмзе» шипажайларына 203 жолдама берілген.
















Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Түркістан облысы,
Жоғары қарай