Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мақтааралдағы су тасқыны: ҚР СІМ басшысы ЕО өкілдеріне көмек үшін алғыс айтты

2020 жылдың 12 маусым 2020 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көрсеткен көмегі үшін Еуропалық одақ өкілдеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Еуропалық одақ» Министрлік видеоконференциясына қатысты.

Еуропалық одақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррелл мен Орталық Азияның бес елінің сыртқысаяси ведомстволарының басшылары COVID-19 пандемиясының халықаралық саяси және экономикалық процестерге әсері, сондай-ақ «Орталық Азия - Еуропалық одақ» форматында өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылады.

«Ж. Боррелл Еуропалық комиссияның Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясы шеңберінде одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарын, сондай-ақ коронавирус пандемиясымен және оның салдарымен күреске көмек көрсету бойынша «Team Europe» бағдарламасы аясындағы ауқымды ақпаратты ұсынды. Айта кетерлігі, бұл пакет Орталық Азияда коронавируспен күреске бағытталған 3 млн еуро сомасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жобаларды іске асыруды қамтиды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Сонымен қатар, Жоғары өкіл Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдарына, сондай-ақ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған одан әрі демократияландыру бойынша реформаларды жоғары бағалаған.

«М. Тілеуберді төтенше жағдай және карантин шарттарында экономиканың тұрақты өсуін қолдау және ел халқын әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Үкіметінің атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы хабардар етті. Министр ЕО өкілдеріне Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Келіссөздер барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша жемісті пікір алмасу өтті. Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірлескен қадамдар қарастырылды. Оған қоса, дипломаттар Орталық Азияның Еуроодақпен экономикалық байланыстарына пандемияның теріс салдарын азайту бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты», - делінген баспасөз баянында.


Жоғары қарай