Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мақтааралдағы тасқыннан зардап шеккен елді мекендер судан толық тазарды – Сәкен Қалқаманов

2020 жылдың 21 мамыр 2020 12:08

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елді мекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерге жағымды жаңалықты жеткізгім келеді. Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендердің барлығы судан тазартылды. Онда әкімдік, Қазсушар, ТЖК, әскерилер мен Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды» деп жазады Сәкен Қалқаманов.

Айта кетейік, Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, ондағы су Мақтаарал ауданының бес елдімекенін шайып кеткен болатын.











Жоғары қарай