Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Мақтааралға Батыс Қазақстаннан 12 тонна гуманитарлық көмек жетті

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:03

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық керуен көлігіне азық-түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлер, еріктілер үлес қосқан. Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болған. Батыстан оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері күтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды. Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы мен ондағы аудандардан да гуманитарлық көмек келген болатын.


Жоғары қарай