Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мал шаруашылығы саласының даму қарқыны еліміздің әлеуетіне сай емес - Қарашөкеев

2022 жылдың 17 мамыр 2022 10:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде асыл тұқымды мал басы артып келе жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті айтарлықтай ұлғайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту есебінен асыл тұқымды малдың барлық түрлері бойынша үлес салмағы артты. Мысалы, асыл тұқымды ір қара малдың үлес салмағы ірі қара малдың жалпы басына шаққанда 7-ден 13 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстармен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың саны 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды», - деді министр.

Дегенмен, ол мал шаруашылығы саласының даму қарқыны еліміздің қолда бар әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтіндігін баса айтты.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Атап айтқанда, құс еті, ет және сүт өнімдері бойынша терең қайта өңдеу тек өңірлік қана емес, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік экспорттаушылардың арасында болуға мүмкіндік береді», - деді Ербол Қарашөкеев.


Жоғары қарай