Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Малайзияда бір тәулікте 1469 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малайзияда өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 1469 жағдайы анықталды. Бұл туралы Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Осылайша, Малайзия аумағында SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 4 481 278-ге жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте елде коронавирустық инфекциясы бар тағы үш науқас қайтыс болды. Малайзияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 асқынуынан 35 623 адам көз жұмды», - делінген ВАК ақпаратында.

Айта кетсек, Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады.


Жоғары қарай