Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Малиде 13 француз әскери қызметшісі қаза тапты

2019 жылдың 26 қараша 2019 18:41

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Малиде жихадшыларға қарсы әскери операция кезінде екі тікұшақтың соқтығысуынан 13 француз әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Елисей сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Республика президенті дүйсенбі, 25 қараша кешкісін Малиде жихадшыларға қарсы әскери операция кезінде екі тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 13 француз әскери қызметшісінің қаза тапқанын қайғырып, хабарлайды», - делінген хабарламада.

Алты офицердің, сержант құрамындағы алты әскери қызметші мен бас капралдың мерт болғаны хабарланды.

France 24 дерегі бойынша, апат елдің шығысында дүйсенбі күні кешкісін болған. Тікұшақтар жихадшыларды аңдып бара жатқан жердегі әскерге қолдау көрсетіп, әуеде ұшып жүрген.

13 әскери қызметшінің қаза табуы – Франция әскері үшін ең үлкен қаза болып отыр. Соңғы рет мұндай оқиға 1983 жылы Бейрутте француз әскерилерінің шабуылдауы кезінде болған. Ол кезде 58 десантшы мерт болған еді.

Қазіргі уақытта Сахеля ауданында 4500 француз әскери қызметшісі жихадшылармен күресіп жатыр.

Малидің кейбір бөлігін «Әл-Каида» содырлары бақылап отыр.

Франция бұл елде лаңкестікке қарсы операцияны 2013 жылы бастады.

Малиде француз әскерінен бөлек, 15 мың бітімгерлік күші орналасқан.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай