Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мәлік Мырзалин: Ауыл халқының 65%-ы әкім сайлауын қолдап отыр

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 21:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жарты жыл ішінде ауыл әкімдерінің үштен бірі жаңарды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 864 жаңа әкім сайланды. Небәрі жарты жылдың ішінде ауыл әкімдерінің үштен бірі жаңарғанын аназар аудар керек», - деді Мәлік Мырзалин.

Ол сондай-ақ ауыл әкімдерінің сайлауына дауыс берушілердің белсенді қатысқанын атап өтті.

«Ел бойынша сайлаушылардың қатысу деңгейі 78,5% болды. Ауылдық округтердің халқы әрдайым сайлауға белсенді қатысады. Бұл не деген сөз? Біріншіден, ауылды кім басқаратыны олар үшін маңызды. Бірнеше күн бұрын мен Стратегиялық зерттеулер орталығының талдауын оқыдым. Ол бойынша ауыл тұрғындарының 65%-ы әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу халықтың тұрмысын алдағы төрт жылда жақсартады деп есептейді. Бұл ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау туралы Мемлекет басшысының бастамаларын халықтың қолдайтынын білдіреді», - деді М.Мырзалин.


Жоғары қарай