Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мамандар қандай жағдайда есеп айырысу чегі талап етілмейтінін айтты

2022 жылдың 25 мамыр 2022 09:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік субъектілерінде әртүрлі қосымшалар арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде бақылау-касса машинасының чегін қолдану, фискалды чек беру міндетті екенін хабарлады ҚазАқпаратқа Мемлекеттік кірістер комитетінен.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға сәйкес, қолма-қол ақшасыз төлемдер немесе ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, төлем құралдарының негізінде, сондай-ақ теңгені және шетел валютасын пайдаланбастан да жүзеге асырылады. Мұндағы төлем құралы дегеніміз - төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы, оны пайдаланып төлем немесе ақша аударымы жасалады. Сәйкесінше, банктік шоттан банктік шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегін қолдану міндетті емес», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, бақылау-касса машинасының чегі - сатушы мен сатып алушы арасында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру дерегін растайтын бастапқы есепке алу құжаты. Чек қағаз немесе электронды түрде беріледі. Ал фискалды чек сапасыз тауарларды алған жағдайда сатып алушының құқығын қорғаудың, сондай-ақ төленген соманың бір бөлігі салық түрінде бюджетке түсетінінің кепілі.


Басты сөздер: Қаржы, Салық,
Жоғары қарай