Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мамин әкімдерге экожағдайды жақсарту жол картасы толық атқаруды тапсырды

2021 жылдың 4 қараша 2021 12:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдіктерге Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол карталарын толық іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың орнықтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, электрлендіру, экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Парниктік газ шығаруды азайту жоспарларын іске асыру кезінде нарықтық механизмдер мен жеке инвестициялар әлеуеті барынша пайдаланылады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оған қоса, Қазақстан Орман және жер пайдалану жөніндегі декларацияға, Жастарға білім беру және тарту міндеттемесіне қосылды.

«Қазіргі кезде Арал экологиясын жақсарту жұмыстары аясында теңіз түбіне 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жалғасуда. Келесі жылдан бастап алты қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қоқыс өңдейтін зауыт салу жобасын іске асыру басталады. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге, елдегі су ресурстарының экожүйесін, биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған», - деді А. Мамин.

Қазіргі уақытта әкімдіктер Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол карталарын іске асыруда.

«2021 жылға көзделген іс-шаралардың 62 пайызы ғана орындалып отыр. Ең төмен көрсеткіштер – Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары және Шымкент қаласында. Сондықтан әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруға және жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.


Жоғары қарай