Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

МӘМС бойынша шағым жасағандардың мәселесі шешілді - Айбатыр Жұмағұлов

2020 жылдың 20 ақпан 2020 13:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс берушілер МӘМС жүйесінен өз бетімен бас тартуға құқылары жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарна төлеуге міндетті. Бұл заңмен бекітілген. Бұл жүйеден өз еркімен бас тарту мүмкіндігі жоқ, сол себепті жарна төлеуден бас тартқан жұмыс берушіге қатысты Кіріс комитетінің қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша жұмыс атқарады. Бұл мәселе бойынша 1406 сенім телефонына хабарласқандар болды. Шағым бойынша қажетті шаралар атқарылды, мәселесі шешілді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, МӘМС бойынша өткен жылдың қыркүйек айында 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Байланыс орталығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді.



Жоғары қарай