Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

МӘМС: СҚО-да тұрғындардың жартысына жарнаны мемлекет төлейді

2020 жылдың 25 ақпан 2020 16:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 282,2 мың адам үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тиісті жарнаны мемлекет төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындарының 51,4% 15 жеңілдікті санатқа кіреді. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Қаңтар айында ел бойынша 34,2 млрд теңге қорға түссе, СҚО-да 166 мыңнан астам адам 232 млн теңге аударым жасаған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы биыл 40 негізгі медициналық қызмет ұсынушымен келісімге отырды. Оның 25-і мемлекеттік медициналық ұйымдар болса, қалғаны жекеменшік. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында қыркүйек айынан бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп жатыр. 1406 нөміріне тәулік бойы хабарласып, мазалаған сұраққа жауап алуға болады. Осы аралықта республика бойынша 37 мың адам хабарласқан. Ал СҚО-дан тек 15 тұрғын ғана хабарлама қалдырған», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиал директоры Лариса Гордеева.


Жоғары қарай