Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында вакцина алмаған 7 адам ғана жұмыстан шеттетілді

2021 жылдың 22 қазан 2021 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «МАЭК»-тің 100 жұмысшысы вакцинаға қарсы акция жариялағанымен, 7 адам ғана еңбектен шеттетілген. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып айтты, деп хабңғыарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде Маңғыстау облысындағы «МАЭК» (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – ред.), Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал», «Қазақмыс» сияқты кәсіпорындар бар. Бұл кәсіпорындарда жұмысшылардың саны өте көп. Біздің мәліметіміз бойынша, бір ай бұрын «МАЭК»-тің ұжымы қарсылық акциясын жариялаған болса, әкімдік пен кәсіпорын басшылығының тыңғылықты жұмысының арқасында 82 пайызы вакцина алған», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Маманның мәліметі бойныша, «Арселор Миттал» компаниясында жұмысшылардың 82 пайызы, «Қазақмыс» компаниясында 78 пайызы екпе қабылдаған.

«МАЭК» бойынша 100 адам қарсылық акциясына шыққан болса, тек 7 адам жұмыстан шеттетілген.Қалғандары түсіндіру жұмыстарының арқасында ахуалды түсініп, тиісті шараларды қабылдады», - деді Төлеген Оспанқұлов.


Жоғары қарай