Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

«Маңғыстау» кемесі Әзербайжанда өтетін Теңіз кубогына қатысады

2019 жылдың 1 тамыз 2019 20:54

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда өтетін «Теңіз кубогы – 2019» байқауына Қазақстан атынан «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау Каспий теңізінің Әзербайжанға тиесілі аумағында өтеді. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Иранның әскери теңізшілері қатысады.

«Маңғыстау» кемесі Оралдағы Зенит зауытында құрастырылған. Мұздай қаруланған әскери кеме судың үстімен қатар, астымен келетін жауды да жоя алады. Гидро-акустикалық станса мен өзге де тың құрылғылар 40 нысананы бір мезетте, автоматты түрде анықтай алады. Тіпті әуедегі ұшақты 90 шақырымнан көре алады. Кеме жабдықталған кезде әскери бөлімдердің ұсыныстары да ескерілген.





Жоғары қарай