Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау мен Атырауға баратын 6 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылды

2020 жылдың 9 шілде 2020 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бірқатар жолаушы пойызының жүруі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде СОVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында осы шешімнің күші жойылғанға дейін бірқатар жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

Уақытша тоқтатылған жолаушы пойыздары:

1) 2020 жылдың 9 шілдеде «Алматы-2» стансасынан аттануы тиіс № 29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы 9 шілдеден Алматыдан жөнелтілсе, Атыраудан 11 шілдеден бастап жөнелтілу керек болатын.

2) 2020 жылдың 10 шілдеде Маңғыстау стансасынан аттануы тиіс № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеде шықса Нұр-сұлтан «Нұрлы жолда» 12 шілдеде аттанып, Маңғыстауға 14 шілдеде келуі тиіс болған.

3) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Ақтөбеден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 13 шілдеден бастап келеді.

4) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 657/658 «Маңғыстау – Бейнеу» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Бейнеуден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 12 шілдеден бастап келеді.

5) 2020 жылдың 11 шілдеден бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 77/78 «Алматы-2-Маңғыстау» пойызы Алматыдан 11 шілдеден бастап жөнелтілсе, Маңғыстаудан 14 шілдеден бастап жөнелтілуі тиіс, ал «Алматы-2» стансасына 17 шілдеден бастап келуі керек болатын.

6) 13 шілдеде Маңғыстау стансасынан аттанатын № 77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстаудан 13 шілдеден бастап жөнелтілсе, Алматыдан 16 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 19 шілдеден бастап келуі тиіс еді.

«Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшасы толық көлемде қайтарылады. Билет құнын қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі», делінген хабарламада.

Жолаушы пойызының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 7 шілдеде Атырауға қатынайтын 4 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылған болатын.


Жоғары қарай