Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 26 маусым 2020 19:44

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Ғалымжан Ниязов тағайындалды.

Ғалымжан Мұқырұлы бұған дейін Ақтау қаласы әкімі қызметін атқарып келді.

Ғалымжан Ниязов 1973 жылы 14 сәуірде Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 5 баласы бар.

2000 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін, 2008 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған. 2006-2008 жылдар аралығында Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басқармасының лицензиялар бөлімінің бас маманы болды.

2008-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы құрылыс бөлімінің бас маманы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім басшысы, басқарушы директор, департамент директоры болып қызмет етті.

2017 жылы наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.

2017 жылдың 23 қарашасынан бастап Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарып келді.


Жоғары қарай