Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысы «сары» аймақта: Карантин шаралары күшейтілмек

2021 жылдың 14 сәуір 2021 23:10

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғ. Надуевтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы облыс аумағында 2021 жылғы 17 сәуірдің сағат 00:00-нен бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес төмендегі шектеу шаралары енгізіледі.

Мәселен, мыналарға тыйым салынады:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, эпидемиологиялық ошақта тергеп-тексеру мен науқастардан және олармен байланыста болған адамдардан сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге;

2) ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрермендермен спорттық шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтойлар, үйдің ішіндегі жиындар т. б.) өткізуге;

3) ас беруді (садақа) өткізуге;

4) букмекерлік кеңселер, бильярд, түнгі және ойын клубтары, караоке, банкет залдарының қызметіне;

5) облыстық командалардың (мәдениет, білім және спорт саласында) спортшылардың жеке спорт түрлері бойынша жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға «қызыл аймақтарда» орналасқан өңірлерге және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына.

Маңғыстау облысында карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Еске салсақ, 2021 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары «сары» аймақта.



Жоғары қарай