Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Маңғыстау облысы: Шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына парақорлық үшін айыппұл салынды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 10:02

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының «Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ шетел жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Б.А.Көшімоваға қатысты пара алды деген күдікпен тергеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ол облыс аумағында еңбек етуге шетел азаматтарына кедергісіз жұмыс визасын беру және ұзарту үшін шетелдік компания өкілінен 500 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Көшімова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 698 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкімге шағым жасалмай заңды күшіне енді.


Жоғары қарай