Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маңғыстау облысына 5 реанимобиль сатып алынады

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Маңғыстау облысына 5 реанимобиль сатып алынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған өңірді дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары туралы баяндаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды бағыт – өңірдің әлеуметтік құрамдас бөлігі. Бұл бағыт аясында жоспар қажетті кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың тапшылығын шешу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды»,- деді ол.

Облыс басшысының айтуынша, денсаулық саласында 2022 жылы лизинг арқылы 5 реанимобиль сатып алынады және 2023-2024 жылдары 5 ұйым заманауи медициналық жабдықтармен қамтылатын болады.

«Қаржыландыруға келетін болсақ, Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңге, оның ішінде 62 пайызы жеке инвестиция үлесіне келеді. Бұл ретте бюджеттік қаражаттың көлемі 493 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджет – 375 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге», - деді Нұрлан Ноғаев.


Жоғары қарай