Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан көп жауын-шашын түсті

2020 жылдың 6 тамыз 2020 14:36

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғанын хабарлайды.

«Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 мм құрады, бір айдағы норма 7 мм. 6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсер салдарынан 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал бір айдағы норма 6 мм»,-делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Қазгидромет» РМК 6 тамызға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту шығарды және таратты.

Осыған дейін Ақтауда күні бойы жауған жаңбыр салдарынан орталық көшелердің суға толып, жаңадан салынған көпқабатты үйлердің шатырынан су кеткені туралы жазған едік.



Жоғары қарай