Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында биыл 7652 адам жұмысқа орналасты

2020 жылдың 27 қазан 2020 05:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл басынан бері 7652 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібінде елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау, оның ішінде жемшөпті әзірлеу, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселелері қозғалды.

Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов айтып берді.

«Облыста жыл басынан бері 7 653 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша бірінші орында Маңғыстау ауданы, соңғы орында – Жаңаөзен қаласы. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 4965 адам еңбекке орналасты. Көш басында – Бейнеу ауданы, Маңғыстау ауданы тұр. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 32 жобаның 16-сында жұмысқа орналастыру жоспары орындалды», - деді ол.

Сондай-ақ, жиын барысында қыс мезгіліне мал азығын дайындау барысы туралы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Ізімтаев баяндады.

«Бүгінде облыс бойынша қыс мезгіліне дайындалған мал азығы 49 579 тоннаны құрайды. Оның ішінде шөптің көлемі – 26 686 тонна. Өлкемізде 22 бригада арқылы дайындалған шөптің көлемі – 7100 тонна және өзге облыстардан тасымалданған шөптің көлемі – 19 586 тоннаны құрайды»,- деді Б. Ізімтаев.

Бүгінде ірі шаруа қожалықтар қорында 4356 тонна шөп бар. Сонымен қатар, өзге облыстардан тасымалданып және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы 22 893 тоннаны құрады. Жыл соңында барлық жем көлемі 34 000 тонна құрайтын болады. Осылайша, биылға қажетті жемнің жоспары 117% орындалмақ.

2020-2021 жылдары облысты мал азығымен толықтай қамтамасыз ету мақсатында, «Каспий» ӘКК» АҚ-ға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың негізінде 500 тонна кебек «Мұса-Нан» ЖШС-де сақтаулы.

Сонымен қатар, аппарат жиналысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы айтылды.

Аталмыш бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2020 жылға шағын несие беруге 1 202 396,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда барлық бөлінген қаржы бойынша 1 229 396,0 мың теңгеге 265 өтінім қабылданып, оның ішінде 1 202 396,0 мың теңгеге 259 өтінім мақұлданған. Сонымен қатар, 5 өтінім 18 041,0 мың теңгеге келісім шарт тіркелуде, 254 өтінім 1 184 355,0 мың теңгеге шағын несие берілді, 323 жұмыс орны ашылады.


Жоғары қарай