Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстау облысында кен орнында мұнай атқылады

2020 жылдың 23 маусым 2020 18:51

АҚТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мәліметінше, Маңғыстау облысындағы Шығыс Бектұрлы барлау блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында мұнай атқылаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен бұрқақты мұнай ағыны (мұнайдың үлес салмағы – 0,82-0,85 г/см3) орта юра дәуірі қабатынан алынды.

Бұдан бөлек, мұнай алдыңғы сынақ нысандарынан орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларын іріктеу жолымен алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды. Қазіргі уақытта мұнай-газ көкжиегінің ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында ұңғымада кәсіпшілік геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жалғасуда.

Шығыс Бектұрлы учаскесі Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ӨзенҚарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да қолданыстағы мұнай-газ кен орындарына жақын маңда орналасқан.

ҚМГ жаңа кен орындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн. Яғни, геологиялық барлау жұмысының шығыны серіктес ұйымға жүктеледі.

Геологиялық барлау жұмысы оң нәтиже берсе, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады.


Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Мұнай,
Жоғары қарай