Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

2020 жылдың 27 қараша 2020 16:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғазиз Надуевтің айтуынша, Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта.

«Коронавирустан жалпы көз жұмған- 74 науқас, емделіп шыққандар – 3329 (97,4%). Стационарда 6 науқас ем қабылдап жатса, шағымы жоқ 9 науқас үй карантинінде. Облыста барлығы коронавирустың шағымы бар түрін жұқтырған 1169 науқас тіркелді, оның ішінде Ақтау қаласы – 488, Жаңаөзен - 157, Түпқараған -40, Қарақия – 75, Маңғыстау – 42, Мұнайлы – 171, Бейнеу – 198 болды», - деді Ғазиз Надуев.

Облыста 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы құрылды. Бүгінгі таңда мониторинг тобымен 808 рейд жүргізіліп, 2202 нысан тексерілді. Рейд барысында 141 нысанда бұзушылықтар анықталып, 113 ( 16 жеке кәсіпкер, 96 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (9 млн. 431310 тг.) толтырылды.

Баспасөз конференциясына Ақтау қалалық №2 емханасының директоры Жарас Байғожаев қатысты. Оның мәліметінше, медициналық мекемеге 80 283 тұрғын тіркелген. Пандемияға байланысты, тиісті шаралар қолға алынды. Емханада балаларға, жүкті әйелдерге, ересектерге арналған бөлек фильтрлер 08:00-ден 17:00-ге дейін апта бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

«Емханамызға келушілер ғимаратқа кірмей тұрып әуелі дене қызуын өлшетеді. Егер ол адамнан тұмау, ЖРВИ, суық тиюдің белгілері байқалса ол бірден фильтрге кіреді. Содан соң дәрігердің қарауынан өтуі қажет. Жағдайы нашар болса, науқас фильтрдегі арнайы оқшаулау бөлмесінде (изолятор) жедел жәрдемді күтіп отырады. Немесе амбулаториялық емге (үй жағдайында ем қабылдау) жіберіледі», - деді Жарас Байғожаев.


Жоғары қарай