Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

2020 жылдың 30 қараша 2020 14:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен:

- Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілді.

- Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» МКҚК болып қайта аталды.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жоғары қарай