Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 4 мәдени нысан ашылады

2021 жылдың 4 қазан 2021 20:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 4 мәдени нысан ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 300 орындық клуб пен кітапхана, сондай-ақ Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінде 200 орындық клуб пен кітапхана салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Ғимараттар жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде», - деді Пәния Сармурзина.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылыққа, спортқа баулу туралы айтылған. Спикердің айтуынша, осы бағытта өңірде 4800 баланы шығармашылық тапсырыспен қамту жоспарланды. Бұл үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

«Бүгінде Artsport.edu.kz порталына 96 шығармашық үйірме ұйымдастырушылар мен 4800 бала тіркелді. Қазір 3855 бала ақысыз үйірмелерге қатысып жүр. Үйірмелер 24 бағытта жұмыс істейді. Оның ішінде сурет, мүсіндеу, кестелеу, киім тігу, көркем сөз оқу, би, балет, құрақ тігу, шешендік өнер мен халық аспаптары бар. Сондай-ақ әлеуметтік тапсырыс аясында 2 жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл – ақындар мектебі мен «Алтын оймақ» қолөнершілерді оқыту», - деді Пәния Сармурзина.


Жоғары қарай