Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда 3 тамыздан бастап жаңа карантин талаптары күшіне енеді

2020 жылдың 2 тамыз 2020 01:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, аймақта 3 тамыз сағат 00.00-ден бастап 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Атап айтқанда:

-​ қалааралық автобус тасымалын тоқтату;

- ​қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтату;

- жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат ету;

- меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салу;

- мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;

- 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеу;

- ​әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беру қарастырылған.

Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің (онда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды объектілерін қоспағанда), ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салынды.

СПА-орталықтар, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорт-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, аквапарктер, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттері және ​жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс істемейді.

Облыс тұрғындары​ жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай), қоғамдық көлікте маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Одан бөлек, қонақ шақырып, той тойлауға тыйым салынған.

Осы қаулы 3 тамыз 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.




Жоғары қарай